Background

Астана – Бішкек жаңа тікелей рейсінің алғашқы жолаушылары ұшты

11/11/2025

10 қараша күні VIETJET QAZAQSTAN Астана — Бішкек бағыты бойынша алғашқы тікелей халықаралық рейсті іске қосты. Салтанатты рәсім Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында өтті. Іс-шараға «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежай» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Юсуф Альжавдер және VIETJET QAZAQSTAN сауда белгісімен жұмыс жасайтын «QAZAQ AIR» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Адилбек Умралиев қатысты.

Бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы әуе қатынасын нығайтып, іскерлік және туристік сапарларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Тікелей рейс Орталық Азияның екі астанасы арасындағы қатынасты бұрынғыдан да қолайлы және жылдам етеді.

«Астана – Бішкек бағытының ашылуы – екі ел арасындағы байланысты нығайтатын маңызды қадам. Тікелей әуе қатынасы сапар уақытын қысқартады, туризмді, іскерлік ынтымақтастықты және мәдени алмасуды дамытуға серпін береді», – деді Адилбек Умралиев.

Алғашқы рейс жолаушыларына серіктестер тарапынан сыйлықтар табысталды, сондай-ақ авиабилеттер ұтысы ұйымдастырылды.

Астана – Бішкек – Астана рейстері аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Билеттер vietjetqazaqstan.kz сайтында, әуе компаниясының сату кеңселерінде және серіктес агенттіктерде қолжетімді.

Астана – Бішкек жаңа тікелей рейсінің алғашқы жолаушылары ұшты | Vietjet Qazaqstan