Background

Әуе кемесінің құстармен соқтығысуына байланысты рейстердің кешігуі туралы

11/5/2026

2026 жылғы 4 қарашада Қызылорда – Астана бағыты бойынша IQ426 рейсін орындау кезінде UP-DH003 әуе кемесі құстармен соқтығысты.

Осы оқиғаның салдарынан әуе кемесіне қосымша техникалық тексерулер жүргізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты авиакомпанияның ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, бұл бірнеше бағыт бойынша бірқатар рейстердің кешігуіне әкелді.

Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі авиакомпания үшін сөзсіз басымдық болып табылады. Барлық қажетті техникалық іс-шаралар авиациялық қауіпсіздік және әуе кемелерін техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жүргізілуде.

Авиакомпания жағдайдың ұшу кестесіне әсерін барынша азайту және рейстердің қалыпты орындалуын тезірек қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты авиакомпанияның ресми арналары арқылы қадағалап отыру, сондай-ақ қосымша сұрақтар туындаған жағдайда авиакомпания өкілдеріне жүгіну ұсынылады.

Әуе кемесінің құстармен соқтығысуына байланысты рейстердің кешігуі туралы | Vietjet Qazaqstan | Vietjet Qazaqstan