Background

VIETJET QAZAQSTAN жаңа бірегей бағыттар бойынша халықаралық рейстерге 30 мың теңгеден бастап тарифтер жариялайды

12/4/2025

VIETJET QAZAQSTAN жаңа бірегей бағыттар бойынша халықаралық рейстерге 30 мың теңгеден бастап тарифтер жариялайды

VIETJET QAZAQSTAN Астанадан Самарқанд және Бішкекке ұшатын жаңа халықаралық рейстерге тиімді тарифтер жариялайды. Енді аталмыш бағыттарға әуе билеттерді бір жағына 30 мың теңгеден басталатын бағаға сатып алуға болады. Осылайша, Орталық Азия бойынша саяхаттар едәуір тіимді, әрі ыңғайлы бола бастады.

Жаңа халықаралық бағыттардың қосылғаны туралы VIETJET QAZAQSTAN 2025 жылғы қазан айында хабарлаған болатын. Жаңа рейстер Қазақстан астанасы мен аумақтың екі қаласы — Қырғызстан астанасы Бішкекпен және Өзбекстанның маңызды мәдени-тарихи орталығы Самарқандпен тікелей әуе байланыс орнатты.

Бұл бағыттар нарықтағы бірегей ұсыныс және олар транзит үшін қолайлы, сонымен қатар туризм, бизнес және халықаралық ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Сапарды жоспарлау және билеттерді сатып алу үшін www.vietjetqazaqstan.kz сайтын пайдаланып немесе әуе компаниясының сату кеңселеріне, серіктестеріне жүгінуге болады.

 

"QAZAQ AIR" АҚ 2015 жылдың 1 сәуірінде тіркелді. Компания IATA-ның ресми мүшесі болып табылады және 2018 жылдан бері IOSA авиациялық қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған. 2025 жылдан бастап «QAZAQ AIR» АҚ VIETJET QAZAQSTAN сауда белгісімен қызмет етеді.

 

VIETJET QAZAQSTAN жаңа бірегей бағыттар бойынша халықаралық рейстерге 30 мың теңгеден бастап тарифтер жариялайды | Vietjet Qazaqstan | Vietjet Qazaqstan