2025 жылғы 11 қарашада жаңа ресми vietjetqazaqstan.kz веб-сайты іске қосылды. Жаңартылған цифрлық платформа саяхатты жоспарлау мен әуе билеттерін сатып алудың заманауи әрі ыңғайлы тәсілдерін ұсынады:
- Ыңғайлы навигация және рейстерді жылдам іздеу;
- Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay, сондай-ақ қазақстандық банктердің танымал қосымшалары арқылы билеттерді оңай және тез сатып алу;
- Мобильді құрылғыларға бейімделген интерфейс — билеттерді іздеу, сатып алу және броньды басқару барынша ыңғайлы;
- Рейстер кестесі мен тарифтер бірнеше рет басу арқылы қолжетімді.
Vietjetqazaqstan.kz веб-сайтының іске қосылуы QAZAQ AIR әуе компаниясының жекешеленуден кейінгі даму кезеңінің бір бөлігі болып табылады («QAZAQ AIR» АҚ VIETJET QAZAQSTAN сауда белгісімен жұмыс атқарады).
Анықтама үшін: 2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және Вьетнам Социалистік Республикасының Бас хатшысы То Ламның қатысуымен QAZAQ AIR әуе компаниясын жекешелендіру процесі аяқталды. Сол күні Астанада өткен Қазақстан–Вьетнам бизнес-форумы барысында QAZAQ AIR және вьетнамдық Vietjet әуе компаниялары стратегиялық серіктестік орнатқанын және VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясының іске қосылғанын жариялады.
Әуе компанияның жаңа vietjetqazaqstan.kz сайтына қош келдіңіздер!
VIETJET QAZAQSTAN командасы жолаушыларға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсету бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде.
Ресми ақпараттық арналарымыз арқылы жаңалықтарды назарларыңызға ұсынатын боламыз.

