Background

VIETJET QAZAQSTAN бренд логотипі бар ұшақты, жаңа киім үлгісін және SkyBoss жаңа сервисін таныстырып, авиабилеттерге мегасатылым жариялады

2/12/2026

2026 жылғы 12 ақпанда VIETJET QAZAQSTAN Астана әуежайы аумағындағы ангар кешенінде “Мәдениеттер тоғысқан. Connecting Cultures” атты іс-шарасын өткізді. Оның аясында әуекомпания брендтелген әуе кемелерінің бірін және іске қосылатын жаңа сервистерін таныстырды.

Іс-шара барысында VIETJET QAZAQSTAN экипаж мүшелері әуекомпанияның жаңа киім үлгісін көрсетті. Ол Vietjet Air тобының жарқын әрі динамикалық брендін бейнелейді. Компания философиясы қауіпсіздік, сапардан ләззат алып, қолжетімділік және дер кезінде ұшу қағидаларына негізделген.

VIETJET QAZAQSTAN Басқарма төрағасы Әділбек Умралиев әуекомпанияның жаңа SkyBoss сервисін таныстырды. Бұл қызмет әуе кемесінің алдыңғы қатарындағы жайлы орындарды, борттағы тамақтануды және әуежайлардағы лаунж-аймақтарға кіру мүмкіндігін қамтиды. SkyBoss жолаушыларға биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап қолжетімді болады. Сонымен қатар сервис икемді бронь жасау және кеңейтілген багаж опцияларын ұсынады.

Жаһандық VietJet тобының құрамына кіретін әуекомпания лоукостер сегментінде жоғары деңгейдегі сервисті ұсыну бойынша халықаралық трендтерді ұстанады.

“Авиация – бұл қалалар, елдер, халықтар мен олардың мәдениеттері арасындағы көпір. Біз әуекомпания ретінде осы маңызды миссияға, атап айтқанда мәдениеттерді өзара байланыстырып, қызмет етуді мақтан тұтамыз. “Мәдениеттер тоғысқан. Connecting Cultures” іс-шарасы – осы бағыттағы кезекті қадамымыз. Ал VIETJET QAZAQSTAN брендімен ұшатын әуе кемесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы берік достық байланысының символы”, – деді алғы сөзінде “QAZAQ AIR” АҚ (VIETJET QAZAQSTAN) Басқарма төрағасы Ә. Умралиев.

Тұсау кесер шарасы соңында VIETJET QAZAQSTAN SkyPayDa мегасатылымын жариялады: барлық бағыттар бойынша 30 мың билетке 50% жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігін ұсынады (субсидияланатын рейстерден басқа). Акция 12 ақпанның кешінен 15 ақпанның түніне дейін жарамды және бұл 2026 жылы 24 қазанға дейінгі рейстерге қолданылады. Билеттерді vietjetqazaqstan.kz сайтында VJQZ50 промокоды арқылы сатып алуға болады.

Анықтама: 2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның қатысуымен QAZAQ AIR әуекомпаниясын жекешелендіру жұмысы аяқталды. Сол күні Астанада өткен Қазақстан–Вьетнам бизнес-форумында QAZAQ AIR мен Vietjet Air арасындағы стратегиялық әріптестік байланыс орнату және VIETJET QAZAQSTAN бренді іске қосылғаны туралы жария етілді.

 

VIETJET QAZAQSTAN бренд логотипі бар ұшақты, жаңа киім үлгісін және SkyBoss жаңа сервисін таныстырып, авиабилеттерге мегасатылым жариялады | Vietjet Qazaqstan | Vietjet Qazaqstan