Background

Promotions

Vietjet Qazaqstan Үржарға субсидияланатын рейстер санын арттырады

Share:

6/12/2026

Vietjet Qazaqstan Үржарға субсидияланатын рейстер санын арттырады

Жоғары сұранысқа байланысты және ішкі туризмді дамыту аясында Vietjet Qazaqstan Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен Астанадағы базалық әуежайдан Үржарға қосымша маусымдық субсидияланатын рейстерді енгізеді. Рейс жиілігінің артуы елдің шығыс өңірлеріне саяхатты жолаушылар үшін бұрынғыдан да қолжетімді етеді.

Рейстер кестесі

Бағыт: Астана – Үржар – Астана

Орындалу күндері: 17, 21, 24 және 28 маусым; 1 шілдеден 17 тамызға дейін - аптасына екі рет, дүйсенбі және сәрсенбі күндері.

Астана – Үржар: 12:10 - 14:05

Үржар – Астана: 14:30 - 16:20

Билет құны және брондау

Билет құны бір жаққа 18 000 теңгеден басталады. Билеттер авиакомпанияның ресми сайтында vietjetqazaqstan.kz, авиакассаларда және серіктес агенттіктер арқылы брондауға қолжетімді.

Анықтама

«QAZAQ AIR» АҚ Vietjet Qazaqstan сауда маркасымен жұмыс істейді және 2018 жылдан бері халықаралық IOSA өндірістік қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған. Авиакомпания Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласында орналасқан және хабтық маршруттық желіге қызмет көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Vietjet Qazaqstan рейстердің ұшу дәлдігі бойынша 84% көрсеткішке қол жеткізді.