Background

VIETJET QAZAQSTAN Астанадан Бішкекке және Самарқанға рейстер жиілігін арттырады

1/16/2026

VIETJET QAZAQSTAN әуекомпаниясы халықаралық бағыттар бойынша ұшу бағдарламасын кеңейтеді. Тұрақты түрде қалыптасқан сұранысқа жауап ретінде 2026 жылдың ақпан және наурыз айларында Астанадан Бішкекке және Самарқанға қосымша рейстер іске қосылады.

2026 жылдың 7 ақпанынан бастап VIETJET QAZAQSTAN Астана – Бішкек – Астана бағыты бойынша рейстер жиілігін аптасына үш ретке дейін арттырады. Рейстер дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Осылайша, әуекомпания жолаушылары үшін демалыс күні ұшатын ыңғайлы рейс пайда болады.

2026 жылдың 4 наурызынан бастап әуекомпания Астана – Самарқан – Астана бағыты бойынша қосымша рейс енгізеді. Жұма және жексенбі күндері ұшатын рейстерге сәрсенбі күнгі рейс қосылады, бұл сапарларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік бермек.  

Әуебилеттер құны Астанадан Бішкекке 28 781 теңгеден, Астанадан Самарқанға 30 366 теңгеден басталады. Оларды әуекомпанияның ресми сайтынан, сондай-ақ танымал онлайн-брондау қызметтері арқылы сатып алуға болады.

VIETJET QAZAQSTAN-ның Қырғызстан мен Өзбекстанға тұрақты халықаралық рейстері былтыр қараша айынан бастап ұша бастаған. Аталмыш уақыт ішінде әуекомпания осы бағыттар бойынша 4,5 мыңға жуық жолаушы тасымалдады. Бұл елдер арасындағы кәсіптік және туристік байланыстардың тұрақты түрде нығаюының айқын көрсеткіші.

Әуекомпания жаңалықтары мен оның арнайы ұсыныстарын бірінші болып білу үшін VIETJET QAZAQSTAN-ның Telegram және Instagram-дағы аккаунттарына жазылыңыздар

VIETJET QAZAQSTAN Астанадан Бішкекке және Самарқанға рейстер жиілігін арттырады | Vietjet Qazaqstan | Vietjet Qazaqstan