Background

Visa, MasterCard, American Express төлем картасының көмегімен сатып алуға болады.

Төлем Visa, MasterCard, JCB халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттары бойынша жүзеге асырылады, ол үшін деректерді тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы берудің ең заманауи әдістері қолданылады.

Төлем үшін мыналарды енгізу қажет:

  • Карта нөмірі (картаның алдыңғы жағындағы 16 сан, сандарды арасына бос орын қалдырмай енгізіңіз);
  • Карта иесінің есімі (латын әріптерімен);
  • Картаның жарамдылық мерзімі (картаның алдыңғы жағында көрсетілген ай мен жыл;
  • Үш таңбалы қауіпсіздік коды (CVV немесе CVV2 коды — картаның артқы жағындағы 3 сан). Егер сандар көп болса, соңғы үш санды енгізу керек. Егер картада код болмаса, деректемелерді нақтылау үшін картаны берген банкке хабарласуыңызды сұраймыз.
  • Әрі қарай, сіз SMS-ке келетін 3D-Secure кодын енгізу үшін банк парақшасына бағытталасыз. Егер 3D-Secure коды сізге келмесе, сізге картаны берген банкке хабарласу керек.

Төлем жасалмай қалатын жағдайлар:
 

  • Банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, бұл туралы банкке хабарласып біле аласыз;
  • Банк картасында төлейтін қаражат жеткіліксіз. Банк картасында қаражаттың болуы туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз;
  • Банк картасының деректері дұрыс енгізілмеген;
  • Банк картасының мерзімі аяқталды. Картаның жарамдылық мерзімі әдетте картаның бетіне жазылады (бұл карта сол уақытқа дейін жарамды болатын ай мен жыл). Картаның жарамдылық мерзімі туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы біле аласыз. 

Kaspi.kz қосымшасы/сайты арқылы

www.vietjetqazaqstan.kz  парақшасында  және  Vietjetqazaqstan мобильді қосымшасына бронь жасалған аваиабилеттерді  Kaspi Gold картасын қолданып,  Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Ол үшін бронь жасағаннан кейін   Kaspi.kz.-те төлем әдісін таңдаңыз,  Kaspi.kz қосымшасына өту QR  код арқылы өтесіз.

Тапсырысты банк картасымен төлеген кезде төлемді өңдеу (карта нөмірін енгізуді қоса алғанда) халықаралық сертификаттаудан өткен процессингтік жүйенің қорғалған парақшасында жүзеге асырылады. Бұл сіздің құпия деректеріңіз (карта деректемелері, тіркеу деректері және т.б.) интернет-дүкенге түспейтінін, оларды өңдеу толығымен қорғалғанын және ешкім, соның ішінде біздің интернет-дүкен клиенттің жеке және банктік деректерін ала алмайтынын білдіреді.

Карточкалық деректермен жұмыс істеу кезінде ұстаушының банк картасының деректемелерін қауіпсіз өңдеуді қамтамасыз ететін Visa және Мastercard - Payment Сard Indaustry Data Security Standard (PCI DSS) халықаралық төлем жүйелері әзірлеген ақпаратты қорғау стандарты қолданылады. Қолданылатын деректерді беру технологиясы TLS (Transport Layer Security), Verified by Visa, Secure Code, MIR Accept хаттамаларын және қорғаудың жоғары дәрежесі бар жабық банк желілерін пайдалану арқылы банк карталарымен жасалатын мәмілелер бойынша қауіпсіздікке кепілдік береді.

Қайтарылған жағдайда, ақша төлем жасалған  картаға қайтарылады.